Accessibility links

Гүржістан азаматтары бүгін Тблиси көшелеріне шықпақшы.


Олар кеше де Парламенттік сайлауларға байланысты наразылықтарын білдіріп, көшелерге шыққан болатын. Оппозиция басшысы Михаил Саакашвили елбасы Эдуард Шеварднадзенің қызметтен кетуін талап еткен еді. АҚШ Мемлекеттік департамент өкілі Адам Ерилидің айтуынша, Құрама Штаттарының Гүржістандағы елшісі дүйсенбіден сейсенбіге қараған түнде ел өкіметіне өз наразылық хатын тапсырған болатын. Оның себебі, елдегі сайлау комиссиялары сайлаушылар дауысын толық есептеуді кілт тоқтатып тастағандықтан. Хабарларға қарағанда, кеше кешкісін санақ жұмысы қайта жалғасқан. Дүйсенбі күні дәл осындай сыни пікірлерді Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының өкілдері де айтқан еді. Әзірше қорытындылардың жарияланатын күні де белгіленбей отыр дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG