Accessibility links

АҚШ Қорғаныс хатшысының орынбасары Паул Вулфовиц Вашингтонға оралды.


- Ол өзімен бірге Ирақта жүргізілген халық пікірін зерттеу қорытындыларын алып келген болатын. Оның сөзіне қарағанда ирақтықтар АҚШ күштерінің өз елдерінде қажетінше тұруын қалайды. Мұны зерттеулер барысы көрсетіп отыр,- деді. Дей тұрғанмен Вулфовиц мырза нақты жүргізілген зерттеулер атын атай қойған жоқ. - Біздің кеткенімізді ирақтықтар қалай ма? Әрине, қалайды. Алайда сауалнамалардың көрсеткеніндей, көптеген ирақтықтар, жеңілген жақ билікке қайта келмес үшін, біздің қажетті мерзімге дейін қала беруімізді қолдап отыр, - деді Вулфовиц мырза. Оның жасаған мәлімдемесінің алдында ғана Ирақта АҚШ-тың бастауындағы коалициялық күштерге қарсы шабуылдар екінші түн одан әрі өрістей түскен болатын. Кеше Ирақтағы коалициялық өтпелі өкімет Бас пәтері жанына кем дегенде үш зымыран келіп түскен. Төрт адам жараланған дейді Франс пресс ақпарат агенттігі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG