Accessibility links

Каспий теңізінің жағалауындағы болашағы бар Құрық аумағында темір құрастырмалар шығаратын зауыт салынып, оның құрылысына 40 млн. доллар инвестиция жұмсалмақ.


АСТАНА: Каспий теңізінің жағалауындағы болашағы бар Құрық аумағында темір құрастырмалар шығаратын зауыт салынады. Құрылысқа бас-аяғы 40 млн. доллар инвестиция жұмсалмақ. Жылына 14 мың метал құрастырмаларын шығаратын зауытты 2004-інші жылдың соңына қарай ашу көзделуде. Ол жайында Қазақстан премьер-министрі Д.Ахметовпен кездесуі барысында “Ер Сай” бірлескен кәсіпорнының бас директоры Джузеппе Казелли мен директорлар кеңесінің мүшесі болып жуырда ғана сайланған Н.Қаппаров хабарлады. Олардың айтуынша, жаңа кәсіпорынның басты мақсаты – теңіз қайраңындағы мұнай игеру жұмыстарын темір құрастырмаларымен қамтамасыз ету. “Ер Сай” кәсіпорнын – италияндық “ЭНИ-групп” корпорациясына италияндық “Сайпем” және қазақстандық “Ер консалтинг” компаниялары бірлесіп құрған.
XS
SM
MD
LG