Accessibility links

БҰҰ-ының әскери тексерушілерінің Ираққа қайта оралуына АҚШ қарсы.


ВАШИНГТОН: БҰҰ-ының әскери тексерушілерінің Ираққа қайта келуіне АҚШ қарсы. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Адам Эрелидің сәрсенбіде мәлімдегеніндей, АҚШ пен одақтастарының Ирақтағы соғыс қимылдары – Бағдадтың жаппай қырып-жою қаруын халықаралық инспекторлардың іздеуге қайта кірісуіне ешқандай қисын қалдырмайтын жаңаша жағдай қалыптастырды. Вашингтон атап көрсеткендей, Ирақта оның қаруын іздеген АҚШ сарапшылары жұмыс атқаруда. Әзірше нәтиже жоқ. Сол күні Ресейдің сыртқы істер министрлігі – БҰҰ-ның тиесілі мекемесі Ирақта ядролық қару жоқ деген қорытындыға келмей, “Ирақ қаруы” туралы мәселені жылы жауып қоюға болмайды деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG