Accessibility links

Мосул қаласында болған соңғы екі тұтқиыл шабуылдың салдарынан жергілікті 3 азамат мерт болып, басқа 9 кісі, оның ішінде АҚШ-тың 2 жауынгері жараланды.


БАҒДАД: Ирақта АҚШ әскеріне қарсы қастандықтар толастайтын емес. Елдің солтүстігіндегі Мосул қаласында болған соңғы екі тұтқиыл шабуылдың салдарынан жергілікті 3 азамат мерт болып, басқа 9 кісі, оның ішінде АҚШ-тың 2 жауынгері жараланды. АҚШ-тың әскери басшылығы хабарлағандай, коалиция жауынгерлеріне қарсы тосын шабуылдарды ұйымдастырды және қаржыландырды деген күдікпен Әл-Фаллуджа қаласының маңайында Ирақтың бұрынғы 2 генералы ұсталған. Британ парламенті алдында сөйлеген сөзінде ағылшын премьері Тони Блэр Ирақтағы қастандықтардың соңғы толқыны одақтастарды үркіте алмайды деп мәлімдеді, ал шабуылдар, оның пікірінше, шағын топтың іс-әрекеті көрінеді.
XS
SM
MD
LG