Accessibility links

Е. Әбiлқасымов: “Т. Мансұровтың мәселесiмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi айналысуға тиiс”


Алтынбек Сәрсенбаевтың Қазақстанның Ресейдегi төтенше және өкiлеттi елшiсi, сондай-ақ, Армения мен Финляндиядағы елшi мiндетiн қоса атқарушы қызметiнен босатылуына байланысты қоғамдық пiкiр гулеп тұр.


Мұның алдындағы хабарларымызда айтылғандай, саясатшылар мен саясаттанушылардың негiзгi пiкiр ауаны Сәрсенбаевтың «Время» газетiне берген сұхбатына сiлтейдi. Және бiр парасы Үкiмет басшысы Даниял Ахметовтың Мәскеуге барған сапарының елшi тарапынан дұрыс ұйымдастырылмауынан дегенге саяды. Қайткенде де, Сәрсенбаев мырзаның елшiлiк қызметiнiң әлгi сұхбаттан кейiн ұзаққа бармағаны көптiң аузында. «Елшi екенсiң, аузыңа абай бол» деген қағидатты Сәрсенбаев аттап өткен деседi. «Времядағы» сұхбат Сәрсенбаевқа дейiн елшi болған Тайыр Мансұровты да жанай өткенi мәлiм. Мұның өзi осы адамның төңiрегiндегi алыпқашпа сөздердi қоздыра түскендей. Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Ерасыл Әбiлқасымов Мансұровтың мәселесiмен Қазақстанның Ұлттық қауiпсiздiк комитетi айналасуы тиiс деп есептейдi. « Мәскеудiң мэрi Лужков мырза Тайыр Мансұровтың кезiнде елшiлiкке жер берген. Ол жерде Қазақстанның мәдени орталығы болуы керек едi. Бiрақ, Тайыр Мансұров меншiк үйлер салғызып, сатып жатыр деп газет жазды. Мансұровтың өзi үнсiз. Сондықтан, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне сауал жолдап, осыны тексертудi ұсындым. Тайыр Мансұровтың осы күнге дейiн Қазақстанға келмеуiнде, қызметке де тағайындалмауында бiр кiлтипаны болуы мүмкiн»,-- дейдi Әбiлқасымов мырза.

ҚР Сыртқы iстер минисрлiгi Ақпарат және талдау басқармасының бастығы Әдiл Әбiшевтен Ерасыл Әбiлқасымовтың осы мәлiмдемесiне байланысты түсiнiктеме сұраған едiк. Ол ешқандай да түсiнiктеме берiлмейтiнiн кесiп айтты. Тiптi, Тайыр Мансұровтың қайда жүргенiн айтудан да бас тартты.
XS
SM
MD
LG