Accessibility links

Гүржістанда қарсылық шерулері одан әрі жалғасуда.


АҚШ-тың осы Тблисиде орналасқан елшілігі өткен демалыс күндері болған Парламенттік сайлаулар барысында қарапайым сайлаушылардың дауыс беру хұқын шектегені үшін ел өкіметіне қатысты қатты сындар айтты. Құрама Штаттары елшісі Ричард Майлс Гүржі елбасы Едуард Шеварднадземен кездесіп, оның барысында халықтың сеніміне ие болу үшін дауыс санағын дер кезінде және мұқият түрде жүргізудің аса маңызды екендігін тілге тиек етті. “Егер сайлау қорытындыларын әдейі бұрмалаумен айналысқан ресми өкілдер жазаланбаса, онда елбасы Шеварднадзе сотқа тартылады”, - деді оппозиция басшысы Михайл Саакашвили. Қарсылық шерулерінің басталуына түрткі болған жағдай санақ жұмыстарының сайлаушылар дауысының 60 пайызына дейін есептеп, одан кейін істі доғарып қойғандығы.
XS
SM
MD
LG