Accessibility links

Британияның Ирақтағы арнайы өкілі АҚШ-тың бастауындағы коалиция күштеріне қарсы елде шабуылдардың өрістей түскендігін айтты.


Лондондағы Таймс газетіне берген сұхбатында Жереми Гринсток мырза “терроршылар” деп өзі атаған топтардың Ирақты бағынбайтын елге айналдыруға тырысып жатқандығы жөнінде мәлімдеді. Ол өз сөзінде Ирақ жеріне өтіп жатқан көтерілісшілердің легін тоқтату үшін көршілес Сирия, Иран және Сауд Арабия елдері жеткілікті дәрежеде шаралар қолданып отырған жоқ деп сынады. Ол сондай-ақ Ирақ қауіпсіздік күштерін қалыптастыру ісін тездетудің қажеттілігін де айтып өтті. Оның сөзіне қарағанда Британия топтары 2005- жылға дейін Ирақта тұра беретін болады. Ал, Вашингтондағы қауіпсіздік күштерінің хабарлауынша 2004- жылы Ираққа қосымша мыңдаған қауіпсіздік күштері жеткізілетін болады дейді Франс пресс ақпарат агенттігі. Ирақта бүгін түрлі жағдайда АҚШ-тың екі солдаты қаза болды.
XS
SM
MD
LG