Accessibility links

Иранда полиция түрмесінде өлтірілген журналист әйелдің ісін Нобель сыйлығының лауреаты қорғамақ.

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Иранда биыл жыл басында канадалық иран журналисі Захра Каземи тұтқындалып, полиция бекетінде өлтірілген еді. Оны полиция бекетінде Барлау министрлігінің агенті ұрып өлтірді делініп отыр.

Осы іс бойынша өтетін сотқа марқұм канадалық журналистің отбасы атынан биылғы Нобель сыйлығының лауреаты заңгер Ширин Ибади қатыса бастады.

Биылғы Нобель сыйлығының лауреаты болған иран заңгері Ширин Ибади ханым полиция бекетінде өлтірілген канадалық иран журналисі Захра Каземидің отбасы атынан сотқа қатыса бастады. Деп жазады радиомыздың Иран редакциясының талдаушысы Гулназ Исфандияри. Журналист Захра Каземи ханымды түрмеде ұрып өлтірген Иран барлау министрлігінің агенті Мохаммед Реза Ахмеди делініп отыр. Бұл сот ісі Ирандағы кертартпалар мен реформашылдар арасындағы күреске ұласты. Реформашылдар басым түсіп отырған Иран парламенті Иран прокуроры Саид Мортазавиді журналист Каземи ханымды заңсыз тұтқындады деп айыптап отыр. Прокурор Мортазави болса, парламентке қарсы бұлар жалған ақпарат таратып отыр деп шабуылға шықты. Прокурор парламент комиссиясының негізсіз баяндамасын жарияламауға бұйрық берді. Прокурордың бұ қадамы реформашылдармен оларды қолдайтын журналистердің ашу-ызасын тудырды. Иран парламентінің реформашыл депутаты Али Шакур Рад:

"Парламент комиссиясының баяндамасы парламент баяндамасы. Ислам Парламентінің баяндамасын Ислам республикасындағы газеттерге жариалануға тиым салынды. Бұндай жағдайда парламент үшін енді өз беделі үшін күресуден маңызды не болуы мүмкін?!"

Парламент комиссиясының төрағасы Хоссейн Анзари Рад прокурор Мортазавидің өзіне шабуылдады. Осы жазда осы іс бойынша Канадамен болған дау –дамай үшін бұл прокурордың өзі сотқа тартылуы керек деді. Алайда, прокурорды ешкім сотқа тартуға асығар емес. Халықаралық адам құқын қорғау ұйымдары болса журналист Каземи ісін тәуелсіз тергеушілер тергеуі керек деп дабыл қағуда. Сондай құқық қорғаушылардың бірі париждік иран құқық қорғаушысы Абдол Карим Лахиджи:

"Прокурор Саид Мортазавидің Каземи тұтқындалғаннан бастап бұл істе басты рөл ойнауы және оның тергеуге Техранның Бас прокуроры ретінде басшылық етуі, оның үстіне Парламент баяндамасының қорытындысы жүргізілген тергеудің заңсыз екенін көрсетті. Демек, тергеу қайта жүргізілуі керек"

Осы жазда маусымның 23 күні Канаданың да, Иранның да азаматы 54 жастағы журналист Захра Каземи Техранның Ивин түрмесінің саяси тұтқындарын суретке түсіріп жатқан кезде тұтқындалды. Араға бірнеше күн салып ауруханаға жеткізілген жерде журналист өліп кетті. Ресми Техран журналист миына қан кетіп өлді деп мәлімдеді. Іле-шала оның өліміне реформашыл Иран президенті Мохаммед Хатами кінәлады.

Захра Каземидің ісі бойынша Техранда басталған сот үрдісіне марқұмның отбасы атынан биылғы Нобель сыйлығының лауреаты ирандық заңгер Ширин Ибади ханым қатыса бастады. Алайда, реформашылдардың пікіріне құлақ түрсек, бұл іс тағы Иранда өлтірілген талай саяси құрбандардың соты тәрізді оң нәтиже беруі неғайбыл.
XS
SM
MD
LG