Accessibility links

Ресей президентінің мәлімдеуінше, ЮКОС мұнай компаниясының ісі жекешелендірудің қорытындыларын және жалпы экономикалық саясатты қайта қарау емес.


РИМ: Ресей президенті Владимир Путиннің мәлімдеуінше, ЮКОС мұнай компаниясының ісі жекешелендірудің қорытындыларын және жалпы экономикалық саясатты қайта қарау болып табылмайды. Ресей мен ЕурОдақтың Римдегі бас қосуының артынша болған баспасөз-маслихатында В.Путин атап көрсеткендей, оның өз сөзімен айтқанда, Ресей билігінің мақсаты - “жекелеген тұлғаларды шымшып алу” емес, елде тәртіп орнату болып отыр. “ЮКОС ісі”, оның есептеуінше, сыбайластық жемқорлыққа қарсы мемлекет жүргізіп жатқан аяусыз күрестің сабақтас бөлігі. Ресей президентінің сендіре мәлімдеуінше, “ЮКОС ісін” тергеу барысында заңдылық мүлтіксіз сақталады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG