Accessibility links

Дж.Буш: өз режимдерінің заңды болып саналуын қаласа, онда Таяу Шығыстағы мемлекеттердің жетекшілері билеудің демократиялық жолдарына көшулері қажет.


ВАШИНГТОН: Өз режимдерінің заңды болып саналуын қаласа, онда Таяу Шығыстағы мемлекеттердің жетекшілері билеудің демократиялық жолдарына көшулері қажет. АҚШ президенті Дж.Буш осылай деп мәлімдеді. Вашингтонда сөйлеген сөзінде АҚШ президенті аталған аймақта демократияның болмауына АҚШ пен Батыс елдерінің жауапты екенін мойындады. Атап айтқанда, Дж.Буш, егер Ирақта демократиялық тәртіп орнатуға деген талпыныс сәтсіз аяқталатын болса, онда ол бүкіл әлемдегі террористердің қолтығына су бүркеуі әбден мүмкін деп ерекше атап көрсетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG