Accessibility links

Баспасөз шолуы


Мерзімді басылымдарда Қазақстан президентіне қатысты қаралау материал жарық көрген “Компромат.РУ” сайтының артында кім тұр деген мәселе қаралған мақала және тағы басқа ағымдағы оқиғалар талданған материалдар жарық көрді.

«Экономика. Финансы. Рынки» газеті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өмірін қазбалайтын материал жарық көрген «Компромат.РУ» сайтының артында кім тұр деген саулаға «Азиопаның қайталануы» деген мақалада жауап іздейді. «Алдыңғы аптада Астанада Қазақстан президентінің екінші отбасы туралы гу-гу әңгіме шықты. Оған ресейлік «Компромат.ру» сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа астанада екінші отбасын құрды деген сенсациялық материал тамыздық болыпты. Онда тоқалдың фамилиясы ғана емес, оның мемлекет басшысының жанынан қалай табылғаны да тәптіштеп жазылған. Материал авторының сөзіне қарағанда, кіші әйелі кезінде президент ұшағында стюардесса болып қызмет жасаған, содан кейін елбасына олигарх Александр Машкеевичтің көмегімен зымияндылықпен жақындаған», - дейді Мұхамеджан Әділов. Оның айтуынша, «Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші отбасы ұзаққа созылады, онда ол шынымен бақытты, тоқал оған екі бірдей бүлдіршін қыз сыйлады деген әңгіме бар. Екінші ұзынқұлаққа сенсек, Сара Алпысқызы күйеуінің көзіне шөп салғанына ашуланғаны сонша, анау ұзақ уақыт жаңа отбасын жасыруға мәжбүр болды. Үшіншіден, Дариға Нұрсұлтанқызы Сара Алпысқызының қолдауының арқасында президент маңайындағылардың пікірін елеместен «Асарды» құрып, бүгін әкесінің наразылығына қарамастан, өз бетімен әрекет етуде».

«Қазақстан Заман» газеті «Жаңа партия нені көздейді?» деген мақалада «Асар» партиясы мен президенттің «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы бір-бірін толықтыра түседі» деп есептейді.

«Қазақстанның демократиялық таңдау қозғалысы мен «Ақ жол» партиясы бірігеді деген «Навигатор» интернет-газетіндегі мақалада айтылған жәйт белгілі-бір деңгейді жүзеге асты деп мәлімдейді «Страна и мир» газеті «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Әлихан Бәйменовтің демократиялық оппозиция өкілдері Петр Своик және Нұрболат Масановпен кездесуін тілге тиек ете отырып.

«Караван» апталығы Сара Назарбаеваның отбасылық типтегі 10 коттеджден тұратын балалар ауылын ашқанын хабарлайды. Бұл жобаны қарашығанақ инвесторлары бір жарым миллиард доллар қаржы жұмсап, қаржыландырған. Осы газеттегі «Жер сілкінісінен жапа шеккендер енді суықтан зардап тартуда» деген мақалада жер сілкінісі болған Тұрар Рысқұлов ауданында күн кенеттен суытып кеткеніне қарамастан, 100 үйдің жөндеу жұмысы, 800 жаңа үйдің құрылысы ақша жетіспегендіктен, тәмамдалмағаны айтылады. Газет тілшісінің мәліметтеріне қарағанда, бір салынбай жатқан үйдің жанындағы жаздық шатырдың астындағы ағаш қорада бірнеше отбасы өмір сүруде, денсаулығы нашарлар суыққа төзбей, ауруханаға түсіпті. Ал 130 құрылысшы ай сайын уәде етілген 40 мыңның орнына 4 айдың ішінде тек 20 мың теңге жалақыға ғана қол жеткізгендіктен, наразылық танытуда. «Бұл жобаға 13 миллион теңге салынғанына қарамастан, енді бүгін оған құрылыс ғылыми-зерттеу институтының келісім керек деп отыр дейді», - дейді газет тілшісіне «Ерменстеклопак» қызметкері Оразалиев.

«Жас қазақ үні» «Мұнайлы елміз, астықты елміз. Бірақ» деген мақалада жыл сайын мұнай мен астық өндіру артқанымен, неліктен Қазақстанның өзінде жанар-жағар май мен нан бағасы қымбат деген сауал қояды. «Бұрын бір ғана бидай құны 70 доллар көлемінде болса, қазір әлімдік рынокта бір тонна бидайымыз 200 долларға көтеріліпті. Бұл – астығы мол мемлекетімізге орсан зор пайда түседі деген сөз. Ал, сол астықты өндіруше елдің халқы «әлемдік рынокта құны жоғары екен деп» өз нанын қымбатқа жесе, қай жетіскеніміз?», - деп жазады Тұрмаханбет Қазақбаев. Осы тақырыпқа «Новое поколение» газеті де тоқталады: Астық эспорттаушылардың қатарындағы «Продкорпорация» алыпсатарлық үшін биыл 2 миллион тонна астық сатып алды. Ал бұл кәсіпорын мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс емес пе? Алайда, бұл мақсатқа олар жарты миллион тонна ғана алған. Ал Қазақстанның оған деген жылдық сұранысы 6 миллион, - дейді Андрей Губенко.

«Егемен Қазақстан» газеті Жоғары аттетациялық комитеттің төрағасы Амангелді Құсайыновпен көлемді сұқбат ұсынады. Онда өткен жылы 29 докторлық диссертация және 103 кандидаттық диссертация бекітілмей қалғаны мәлім болады.
XS
SM
MD
LG