Accessibility links

Қазақстан жаңалықтары.


Тұңғыш ұлттық геостационарлық байланыс жане ақпарат тарату спутнигін ұшыру үшін әріптес таңдау жөніндегі шешім таяу күндерде қабылданбақ. ҚР. премьер-министрі Даниал Ахметовтың төарағалық етуімен өткен мәжіліске қатысушылар осындай ортақ пікірге тоқтады деп хабарлайды ҚазаАқпарат агенттігі.

Биылғы жылдың тоғыз айында Қызылорда облысында өндірістегі қайғылы оқиғалар салдарынан 8 адам қайтыс болып, 18 адам жараланды. Бұл туралы Қазақстан тудей тілшісіне ҚР. Еңбек жане әлеуметтік қорғау министрлігінің департаментінің бақылау бөлімінен хабарлаған.

ҚР. Ауылшаруашылығы министрлігінің "Агроақпарат" ақпараттық- нарықтану қызметі хабралағанындай, республикада өткен аптада бидайдан пісірілген нанның бір бөлкесі орта есеппен 40 теңгеге, ал қара бидай наны 47 теңге аралығында болды деп харлайды ҚазАқпарат агенттігі. Мұның алдындағы аптамен салыстырғанда нанның бір бөлкесі 1 теңгеге, ал қара бидай бөлкесі 2 теңгеге көтерілді.

Ақтөбеде қобызшылардың "Көне ғасыр сырлары" атты облыстық байқау өтті. Байқау мақсаты- қазақтың қасиетті қобызын кеңінен насихаттап, жастарды баулу. Бір өкініштісі, байқауға қатысушылар аз болды. Бірақ ұйымдастырушылар осының өзі жақсы істің бастамасы дейді.
XS
SM
MD
LG