Accessibility links

Қазақстан жаңалықтары


Кеше Атырауға Қазақстанның Австриядағы елшілігінің шақыруымен бір топ европалық журналистер келді деп хабарлайды Хабар агенттігі. Тілшілердің айтуынша, соңғы кездері Европа Орталық Азия елдерінің дамуына көңіл бөліп отыр. Журналистерді Атырауда жұмыс істейтін еуропалық компаниялардың қызметі қызықтырды. Атырауды аралап болғаннан кейін журналистер Алматы мен Астанаға аттанбақ. Қазақстандағы сапары жөнінде олар арнайы фильм түсіреді.

Биқл Павлодар облысының құрылғанына 65 жыл толды деп хабарлайды Хабар агенттігі. Облыстың 65 жылдық мерейтойына әркiм өзiнше үлес қосуға тырысты. Ал Ризабек пен Айсұлу Еламановтар осы тойға орай тоғыз облыстың жерiн жаяу аралап шығыпты. Маусым айында басталған жаяу сапар кеше мәресiне жеттi

Астанада Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы Үкіметаралық комиссияның «Байқоңыр» кешені жөніндегі кіші комиссиясының 7-ші кезектен тыс отырысы болып өткені жөнінде ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды. Кезектен тыс отырыстың өткізілуіне РФ және ҚР арасындағы «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану жолындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа келісім жобасын дайындау негіз болды.

Бүл күндері Қызылорда қаласында жүрген АҚШ-тың Колорадо штатындағы Арвады қаласының делегациясы облыс орталығының бірсыпыра мекемелері мен кәсіпорындарында болды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Соңғы жылдары Қызылордамен бауырлас қала болып, қарым-қатынас түзеген арвадылық қонақтар қалалық «Жедел жәрдем» стансасында да болып, оның жұмысымен, мәселені шешудегі материалдық мүмкіндіктерімен де танысты. Американдық қонақтар станса дәрігерлеріне жүрегі кенеттен тоқтап қалған ауруларға аса қажет дефибриллятор аппаратын сыйлаған.
XS
SM
MD
LG