Accessibility links

Американың жоғары әскери өкілі АҚШ жасақтары Ирақта партизандық шабуылдарың күшейіп тұрғанына қарамастан, бастаманы қолдан шығармайды деген.


Мемлекеттік хатшының орынбасары Ричард Армитадж Бағдадта баспасөз- мәслихатында сөйлеген сөзінде Ирақты соғыс аймағы деп суреттегенімен де, америка күштері бұл процесті бақылап, реттей алады деп айтқан. Американың әуе күштері бұдан бір күн бұрын апатқа ұшыраған тікұшақтың атып түсірілгендігі анықталған соң, Тикрит маңайын бомбалаған. Кеше таңертеңгісін жарылғыш құралға тап болған екі солдат опат болды. Бағдадтағы АҚШ күштері штабының жанына партизандар жіберген бір миномет келіп түскен. Женевада Халықаралық қызыл крест ұйымы өзінің Бағдад пен Басрадағы қызметтерін қауіпсіздік амқсатында уақытша жапқандықтарын айтқан. Польшаның Қорғаныс министрлгінің лауазымды өкілі кеше Польша 2004 жылдың аяғына дейін оңтүстік Ирақтағы көпұлтты күштерге жетекшілік етуге әзір деген.
XS
SM
MD
LG