Accessibility links

Жаңалықтар агенттіктері кеше Сауд Арабиясының астанасы- Әр-Риядта күшті жарылыс дүмпуі естілгені жөнінде хабарлайды.


Оның себеп-салдарлары турасында бірден белгілі бола қоймаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарылыс түн жарымында қаланың батыс жағында дипломатиялық өкілдер тұратын аймақта болған көрінеді. Сәл кейінірек келіп түскен ақпараттарға қарағанда, Әр-Риядта бір емес үш бірдей жарылыс болған. Қаза болғандар мен жарақат алғандар саны көп. Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігі бұларды "террорлық актілер" деп атаған. Бұл оқиғалар АҚШ-ы мұнда орын алуы мүмкін террорлық шабуылдар жөнінде хабарлап, Сауд еліндегі өз қызметтері мен мекемелерін уақытша жапқаннан кейін орын алған.
XS
SM
MD
LG