Accessibility links

Палестина премьер-министрі Аһмад Кураи Автономия жетекшісі Я.Арафатпен жаңа үкіметтің құрама бойынша ортақ келісімге келгенін хабарлады.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Палестина премьер-министрі Аһмад Кураи Автономия жетекшісі Ясир Арафатпен жаңа үкіметтің құрама бойынша ортақ келісімге келгенін хабарлады. Барлық ақпарға қарағанда, құқық қорғау мен қорғаныс мекемелерінің басшылығына Арафат өз адамдарының тағайындалуына қол жеткізді. Бірақ ол “Жол картасы” атты халықаралық бейбіт жоспардың жүзеге асырылуын қиындатуы ықтимал. Израиль үкіметінің өкілі Раанан Гиссин палестиналық жаңа үкіметті оның нақты істері бойынша бағалауға болады деп мәлімдеді. Үкімет, оның пікірінше, терроризмге қарсы күрес бойынша өзінің барлық міндетін сөзсіз орындауға тиісті. Паленстина парламенті жаңа үкіметтің құрама бойынша алдағы сәрсенбіде дауыс беретін болады.
XS
SM
MD
LG