Accessibility links

Жапонияның оппозициядағы Демократиялық партиясы жексенбіде болып өткен парламент сайлауында жеңіліс тапқанын мойындады.


ТОКИО: Жапонияның оппозициядағы Демократиялық партиясы жексенбіде болып өткен парламент сайлауында жеңіліс тапқанын мойындады. Партия басшылығы Либералдық-демократиялық партия мен оның коалициялық үкіметтегі одақтастары парламенттің төменгі палатасындағы орындардың басым көпшілігіне ие болды деп мәлімдеді. Бастапқы бейресми ақпар бойынша, жапон премьер-министрі Дзюньитиро Коидзуми бастаған коалиция 480 депутаттық мандаттың 275-ін алады. Одан бұрын оның қарамағында 280 орын болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG