Accessibility links

Жексенбіде кешкісін Бағдадтағы 2 қабатты тұрғын үй минаатқыштардан атқыланды.


БАҒДАД: Жексенбі күні кешкісін Бағдадта қуатты 3 жарылыс болды. Полицияның мәлімдеуінше, минаатқыштың оғы қала орталығындағы 2 қабатты үйге тиіп жарылған. Куәгерлердің хабарлауынша, ешкім жапа шекпеген. Жарылыс туралы басқа ақпар жоқ.Одан бұрын осы күні АҚШ авиациясы Бағдадтан батысқа қарай орналасқан Әл-Фаллуджа қаласының маңайында бомбалық соққы берді. Бірақ бірлі-жарым шығын жайында мәлімет жоқ. Осы аптада АҚШ-тың әскери тікұшағы атып құлатылған Тикрит қаласының төңірегіне де әуеден соққы берілді. Тікұшақтың апатынан 6 АҚШ жауынгері мерт болды.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG