Accessibility links

Алматыда «Терроризммен күрестің өзекті проблемалары» атты халықаралық конференция басталды


Қарашаның 10-ы күні Алматыда "Қазіргі жағдайдағы терроризммен күрестің өзекті проблемалары" аты халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

Конференцияға ТМД елдерінің терроризмге қарсы күрес орталығының мамандары мен сарапшылары, сондай-ақ Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украинаның арнайы қызметтерінің сарапшылары қатысып отыр. Ал Қазақстан жағынан конференцияға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері мен бірге Қауіпсіздік кеңесінің және президентті қорғау қызметінің адамдары сондай-ақ ҰҚК мен ІІМ-нің қарамағындағы жоғары білім беру мектептері мен орталықтарының өкілдері, терроризммен күрес мәселесімен айналысушы саясаттанушылар мен ғалым мамандар қатысты.

ҰҚК төрағасының 1-орынбасары Владимир Божко журналистерге берген сұхбатында:

- Террорлық іс әрекеттер Қазақстан шекарасынан алыс емес аймақтарда жүріліп жатса да Қазақстан басшылығы Қазақстан ішінде қандай бір террорлық іс әрекеттерді болдырмауға, оның алдын алуға бағытталған іс шаралар алып отыр. Сондай-ақ ҰҚК алдағы уақытта іс қызметіне шектеу қойылған терроршыл ұйымдардың қазақстандық тізімін парламентке ұсынбақ ойда, – деді.

Конференцияда талқыланатын басты тақырыптардың арасында “Хизб-ут-Тахрир аль Ислами” партиясына және оның Орталық Азия мен Ресейде жұмыс істеуіне және аталмыш экстремистік сипаттағы партияның іс қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған біртұтас әдістемелер жобасын жасауға бағытталған мәселелер бар.

Конференцияда тероризмнің пайда болу және белең алу себептері мен факторлары кеңінен талқыға түседі. Мамандар бұл мәселелер бойынша өз араларыныда тәжіриба алмаспақ.
XS
SM
MD
LG