Accessibility links

Вьетнамның қорғаныс министрі соңғы 30 жылдан бері алғаш рет Вашингтонға сапарға келді.


ВАШИНГТОН: Вьетнамның қорғаныс министрі соңғы 30 жылдан бері алғаш рет Вашингтонға сапарға келді. Фам Ван Тра АҚШ-тың қорғаныс министрі Дональд Рамсфелдпен және мемлекеттік хатшы Колин Пауэлмен кездесті. Мемлекеттік хатшының көмекшісі Джеймс Келли хабарлағандай, келіссөздер барысында АҚШ өкілдері Вьетнамдағы діни еркіндіктердің шектелуі мәселесін көтерді. Вьетнам министрі, өз кезегінде, АҚШ Конгресінің Вьетнамға көмек беру мәселесін ондағы адам құқықтарының сақталуымен тығыз байланыстыру туралы заң қабылдамақ ниетін сынға алды.
XS
SM
MD
LG