Accessibility links

Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ - ядролық қаруды таратпау туралы Келісімнің шарттарын Иран бұрын талай рет бұзды деп санайды.


ВЕНА: Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – ядролық қаруды таратпау туралы Келісімнің шарттарын Иран бұрын талай рет бұзды деп санайды. Әйтсе де МАГАТЭ-нің мамандары Иранның ядролық қару жасауға тырысқанын дәлелдейтін айғақтар тапқан жоқ. Ол жайында Венадан МАГАТЭ-нің құпия есебін сілтеп көрсеткен батыс дипломаттары хабарлайды. Жуырда Иран МАГАТЭ-ге өзінің ядролық бағдарламасына қатысты құжаттарды тапсырды. Дүйсенбі күні Иран өкілдері өзінің ядролық мекемелерін шектеусіз тексеруге келісім беруі туралы хаттамаға қол қоятынын МАГАТЭ-ге хабарлады. Ал Иранның уранды байыту бағдарламасы әзірше тоқтатылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG