Accessibility links

Ақтөбе қаласы халқының 11 пайызға дерлігі йодтың жетіспеуінен туатын сырқаттардан жапа шегуде.


АҚТӨБЕ: Ақтөбе қаласының дәрігерлік тексеруден өткен 19 мың халқының 11 пайызға дерлігі йодтың жетіспеуінен туатын сырқаттардан жапа шегуде. Ол жайында қалалық денсаулық сақтау басқармасынан Қазақстан тудэй агенттігіне хабарланды. Жыл сайын Ақтөбеде ағзасында йод жетіспейтін адамдардың қатары ұлғая түсуде. Олардың жас шамалары сан-алуан. Ахуалдың ушыға түсуіне байланысты қалалық денсаулық сақтау басқармасының дәрігерлері йодталған өнім шығаратындар үшін семинар ұйымдастыруды ұйғарды. Бүкіл республика аумағында әлгі проблеманы ауыздықтау мақсатында Қазасқтанға йодталмаған ас тұздың импортына тыйым салынды.
XS
SM
MD
LG