Accessibility links

2003 жылдың 9 айында Қазақстаннан экспортталған тауарлардың бағасы 8,2 пайызға, ал республикаға импортталған тауарлардың бағасы 18,3 пайызға ұлғайды.


АСТАНА: Үстіміздегі жылдың 9 айында Қазақстаннан экспортталған тауарлардың бағасы 8,2 пайызға, ал республикаға импортталған тауарлардың бағасы орта есеппен 18,3 пайызға ұлғайған. Ол туралы ҚР-сының статистика жөніндегі Агенттігінен Қазақ ақпарат агенттігіне хабарланды. Қазақстан экспорттың денін құрайтын минералды шикізаттар 5,1 пайызға, қара және түсті металдар – 12,6 пайызға, ауыл-шаруашылық өнімдерінің ішінен жүн - 37,8 пайызға, бидай – 31,6 пайызға, мақта – 14,8 және тері – 13,4 пайызға қымбаттаған. Ал импортталатын тауарлардың арасынан мәшине мен оның жабдықтарының бағалары – 34 пайызға, тоқыма өнімдер – 43,6 пайызға, дәрі-дәрмек – 19,2 пайызға өскен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG