Accessibility links

Сауд Арабиясының патшасы 17 адамның қазасына соқтырған Әр-Риядтағы террористік қастандыққа жауапты террористерге қарсы қатаң шара қабылдауға ел билігі дайын деп мәлімдеді.


ӘР-РИЯД: Сауд Арабиясының патшасы Фаһд 17 адамның қазасына соқтырған Әр-Риядтағы террористік қастандыққа жауапты террористерге қарсы қатаң шара қабылдауға ел билігі дайын деп мәлімдеді. Саудияның ақпарат агенттігі хабарлағандай, үкімет мәжілісінде сөйлеген сөзінде патша - ел мен халықтың тыныштығын бұзуды көздегендерге Әр-Рияд “құрыш жұдырық” болып соққы береді деп ескертті. Басқа қастандықтардың алдын алу мақсатында Әр-Риядта қатаң қауіпсіздік шаралары қабылданды. Әскер, темір сауытты техника және полиция шетелдіктер тұратын аудандарға шоғырландырылды. Елшіліктердің күзеттері күшейтілді.
XS
SM
MD
LG