Accessibility links

АҚШ Ирактағы қауіпсіздік жағдайын жақсарту жолдарын қарастырып жатыр.


Ирактың орталық аудандарында АҚШ қосындарына партизандық шабуылдардың арта түсуіне байланысты егер Вашингтон қаупсіздік шараларын жақсартпаса, онда үстіміздегі айларда шабуылдар еселеп өсе түседі, деп ескертеді кейбір американдық басшылар. Ирақтағы қауіпсіздік жағдайын жақсарту жолында бірнеше шаралар жасалмақ.

Ирактағы Уақытша әкімшіліктің басшысы Пол Бремердың айтуынша, егер көтерілісшілер мен шет елдік жауынгерлерге байланысты АҚШ барлау орындарының мәліметтері жақсармаса онда Иракты қалпына келтірумен айланыспақ одақтастар күштеріне шабуылдар арта түседі.

Өткен аптаның соңында Бағдатта болған кезінде АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Ричард Армитеиж былай деп еді: "Менің ойымша бұл соғыс аймағы. Президент 1 мамырда басты шайқас аяқталды деп жариялағанымен ол соғыс бітті деген жоқ. Және бұл жалғасып жатыр, генерал лейтенант Санчестің осы мінберден айтқанындай, біз көтеріліске душар болып отырмыз және ол нақты соғыс сынды."

Талдаушылардың айтуынша, Ирактың жер-жерлерінде тұтқиыл шабылдарға ұшыраушы АҚШ пен одақтастар күштерінен көшелерді күзету міндетін Вашингтон жергілікті ирақтық сақшыларға жүктеулеріне болады.

Лондонда орналасқан Халықаралық Стратегиялық Зертеу Институтының өкілі Гари Самордың, британдық күнделікті жарық көретін "Гардиан" басылымына айтуынша, қауіпсіздік мәселесін күшейтудің бір жолы, ол американдықтардың Ауғаныстандағыдай белгілі бір күшті бекіністерге сүйеніп жағдайды қадағалауы.

- Бұндай жағдайда,- дейді ол, - қауіпсіздік аймақтық тұлғалардың қолында болады.

Өткен аптада жарық көрген санында "Вашингтон пост " Одақтық Уақытша Билік АҚШ-шыл қарулы сақшыларды құруға енді дайын болулары ықтимал,- деп хабарлады. АҚШ тағайындаған Ирактың Басқару Кеңесінің айтуынша, бұндай күштің қатарына Ирактың бұрынғы қауіпсіздік сақтау қызметі мен сақшылары шоғырландырылып, олар ішкі барлық мәліметтерді біліп, керек болған жағдайда шабуылдардың алдын алып және сезіктілерді тергеу құқығына ие болыуы қажет. Кеңес мүшелерінің пайымдауынша, партизандармен күресте шетелдік қосындарға қарағанда ирақ күштері әлде қайда ептірек болар еді. Жергілікті жердің түлкісін алу үшін өз аймағының ой шұқырын білетін тұрғылықты тазы қажет.

"Вашингтон посттың" хабарлауынша, егер бұндай қауіпсіздік сақтау күштері бірнеше мыңнан аспай, әрі оларды " Одақтық Уақытша Билік пен Ішкі Істер министрлігі мұқият тексеруден өткізсе онда Бремер бұған қарсы болмаған еді. Басылымның хабарлауынша, басында Бремер Ішкі Істер министрлігінің аясында қарулы күштердің құрылуына қарсы болып, бірақ одақтастар күштерімен АҚШ үкіметімен жұмыс жасаушы ирактықтарға қарсы шабуылдардың жалғасулары себебінен өз пікірін өзгерткен.

Одақтық Уақытша Билік Иракта жайғасқан мөлшермен 130 мыңдық АҚШ қолына көмек көрсетуші ирактық сақшылар мен әскерлерді жабдықтау ісін тездететіндігін мәлімдеді.

Өткен аптада Бремер ақпарат құралдарына келесі жылдың қырықүйегіне Ирактағы қауіпсіздікті күшейтуге 200 мыңдай ирактықтар тартылып, олар жаңа ирак армиясы, сақшылар және азаматтық қорғану күштерінің өкілдері болатындығы туралы жариялады.
XS
SM
MD
LG