Accessibility links

Қарашаның 14-і күні Ақмола облыстық филармониясының ұлт аспаптары оркестрі өзінің құрылғанына он жыл толуын салтанатты түрде атап өтеді.


Алдағы мерейтойға Қазақстанның әйгілі өнер қайраткерлері арнайы келмек. Олардың арасында Қазақстанның КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері Бибігүл Төлегенова, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық қазақ ұлт аспаптары оркестрінің дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Айтқали Жайымов, Монғолияның халық әртісі, Абай атындағы опера және балет театрының солисі Қабылаш Әбікеұлы сынды жұртқа кеңінен танымал өнер саңлақтары бар.
XS
SM
MD
LG