Accessibility links

Бүгін Сауд Арабия патшасы Фахд Әр-Риядтағы терактіге жауаптылар қатты жазаланатын болады деп мәлімдеді.


Ол өз мәлімдемесінде Сауд елінің билігі жақында ғана 17 адамның өмірін қиған Әр-Риядтағы террорлық актіні ұйымдастырғандарға қарсы қатал әрекеттерге баруға дайын деген. Сауд ақпарат агентігінің хабарлауынша, үкіметтің отырысында сөз сөйлеген ел патшасы, Әр-Рияд өз азаматтарының және елдің қауіпсіздігін бұзуға тырысқандардың әрқайсына қарсы соққы беретін болады деп ескерткен. Әр-Риядта тағы террорлық шабуыл болуы мүмкін деген қауіппен, қатаң қауіпсіздік шаралары қамтылған. Соңғы хабарларға қарағанда, Әр-Риядта болған бұл терактіге қатысы бар деген бірнеше адам тұтқындалған.
XS
SM
MD
LG