Accessibility links

Президент Джордж Буш соғыс арагерлерін құттықтады


АҚШ президенті Дж.Буш сейсенбі күні соғыс ардагерлері алдына шығып, дүниежүзілік 1-соғыстың айақталған күні, Ардагерлер мерекесіне орай айтқан сөзінде президент АҚШ күштерінің ол кездегі ерлік әрекеттеріне тоқталды. Ауғанстан мен Ирақтағы соғыс жанжалдарына байланысты, президент Буш, бұл соңғы соғыстарда құрбан болған өз ержүрек сарбаздарын Америка мақтаныш тұтады, деген. - Біздің елімізге осыдан 2 жыл, екі ай бұрын террорлық шабуыл жасағаннан кейінгі кезде, біздің қосындарымыз терроршы дұшпандардың көп жерін басып алды. Америка халқының қауіпсіздігін қорғау жолында олар көп қиындыққа кездесті. Біз 50 миллиондай Ауған және Ирақ халқын диктаторлар билігі қол астынан азат еттік, - деген АҚШ президенті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG