Accessibility links

Сауд Арабиясындағы шабуыл "әл-Қаиданың" өз стратегиясына өзгеріс енгізгеніне меңзейді.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

2001 жылы 9 айдың 11-і күнгі АҚШ-тағы шабуылдан соң бұл елде террорлық шабуыл болмады. Бірақ "әл Қаидаға" таңылып отырған шабуылдар Кенияда, Индонезияда және Сауд Арабиясында жасалды. Осыдан терроршылар өз нысанасы ретінде АҚШ емес Сауд Арабиясын алып отырма деген сауалдар тудырып отыр.

Сенбі күні Эр-Риядтағы негізінен шетелдік мұсылмандар тұратын тұрғын ауданда жасалған шабуыл кезінде жарақат алып емханаға түскен ливандық әйелдің айтуынша:

"Шетелдіктер бар, бірақ олардың үштен бірін арабтар құрайды. Арабтардың үштен бірін ливандықтар құрайды. Мен шыныменде бұл шабуылдың мақсатын түсінбеймін. Бұл шетелдіктерге байланысты емес. Бұл шабуылдың мақсаты тек зиян келтірушілік."

Кемінде 17 кісінің өмірін әкеткен террорлық шабуылда Сауд үкіметі "әл Қаиданы" айыптап отыр.

Вашингтонда орналасқан Джордж Вашингтон Университетінің саясат тану мен халықаралық қатынастар профессоры Натан Браунның айтуынша:

"Тоқсаныншы жылдардың ортасына қарай "әл Қаиданың" нысанасы өз үкіметтері емес Құрама Штаттар болды. Және жаңа нысана ретінде сауыд үкіметті емес, бірақ сауыдтық азаматтар мен басқа Мұсылман елдерінен келген шетелдіктердің алынып отыр. Егер бұл "әл Қаиданың" шабуылы болса, онда бұл өзгеріс енгізу емес, жейренішті өзгеріс."

АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Ричард Армитеиж, дүйсенбі күні Кирде Мысыр Сыртқы Істер министрі Ахмет Махермен жолықан кезде өз пікірін былайша білдірді.

"Маған "әл Қаиданың" патша отбасы мен Сауд Арабиясының үкіметін орнынан алуды қалайтын әрекеті екендігі түсінікті."

Бұндай пікірді Нью-Йорк пен Вашингтонда орналасқан Шетелдермен Байланыс Кеңесінің таяу шығысты зертеу орталығының басшысы Джудит Кипперде ұстанады.

"Әл Қаиданың" басты нысанасы үнемі сауыдтық патша отбасы болып табылады және олардың басты өкпесі ол американ қосындарының сауыд жерінде орналасуы еді. Олар қазір кетті, бірақ олардың басқа өкпелері бар болуы керек."

Киппердың айтуынша, Сауд Арабиясына шабуылдардың көбірек жасалуының себебі ол АҚШ-қа қарағанда Сауд Арабиясы жеңіл нысана. Бірақ,- дейді Киппер, Сауд Арабиясының ішкі қауіпсіздік сақтау қызметі жақсылап үйретілген, және олар зертеу жүргізу мен құрал-жабдықтар беру туралы сыртан келген көмек қолынан бас тарпай оны қабылдап отыр. Сондықтан "әл Қаиданың" саудтық патша отбасын тақтан тайдыру мақсатынан ештеңке шыға қоймас дейді,-ол.

Әсіресе Эр-Риядтағы мамыр айындағы террорлық шабуылдардан соң сауыд билеушілері секем алып жергілікті жердегі билік орындарына сайлаулар өткізу ісінде кейбір өзгерістер енгізбек.

- Барлық реформалар Сауд Арабиясында дереу іске апайды, - дейді Киппер.
XS
SM
MD
LG