Accessibility links

Лондонда өтіп жатқан Дүниежүзілік туристік биржа аясында Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін шетелдік туристік компаниялар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таныстыру шарасы өтеді.


Оны Қазақстанның туризм және спорт агенттігі Ұлыбританиядағы Қазақстанның елшілігімен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Аталған шара Қазақстанға Ұлыбритания мен Батыс Еуропа мемлекеттерінен келетін туристердің санын арттыруға бағытталған. Өйткені осы Дүниежүзілік туристік биржа әлемнің ең үлкен туристік көрмелерінің бірі болғандықтан, оған дүниежүзіне танымал болған түрлі туристік фирмалар мен қонақ үйлер желісі, демалыс орындары, тасымалдаушы көлік компаниялары қатысады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG