Accessibility links

Ирақтағы Басқару кеңесінің кезекті президенті Жалал Талабани тезірек уақытша үкіметті қалыптастыруға шақырды.


Талабанидің пікірінше, ел конституциясын қабылдамас бұрын алдымен жергілікті билікті тағайындап алу өте қажетті әрі қисынды болмақ. Ал, Ирақтағы американ-британ әкімшілігінің басшысы Пол Бремер бағыт-бағдар мен кеңестер алу үшін Вашингтонға келді. Соңғы кезде Ирақтың жаңа ата заңын дайындауда алға басушылықтың болмағанынан АҚШ әкімшілігінің Ирақтағы Басқару кеңесіне көңілі толмайтыны байқалған. Құрама Штаттар бірнеше мәрте Ирақта демократиялық сайлау өткізу үшін алдымен елдің конституциясын мақұлдап алу керек деген болатын.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG