Accessibility links

Грузияда қалыптасқан саяси текетірес.

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Грузияның оппозициялық партиялары президент Шеварнадзенің қызметтен кетуін табанды түрде талап етіп отыр. Ал, Шеварнадзе болса өз жақтастарын төңірегіне топтастыруда. Сонымен, Грузияда бір–біріне қарсы екі саяси топ қалыптасты.

Дүйсенбі күні Грузия президенті Эдуард Шеварнадзе өзінің оппозициялық партиялармен текетіресінде өз жағына Аджария аутономиясын тарта білді деп жазады радиомыздың талдаушысы Джан-Кристофор Пех. Шеварнадзе Аджария астанасы Батуми қаласында болып Аджария басшысы Аслан Абашидземен елде қалыптасқан жағдайды талқылады.

"Аслан Абашидзе бастаған Аджария басшылығы мен халқының Грузия тұтастығын сақтауға күш салуға деген әзірлігін мен зор қошеметпен қарсы аламын."

Батуми стадионында қалың халық алдында Грузия бірлігін сақтау өнінде Аджария басшысы Аслан Абашидзе де сөз сөйледі:

"Грузияның заңды үкіметін қорғау бұл біздің парызымыз, тарихи парызымыз!"

Алайда оппозициялық Ұлттық демократиялық қозғалысының Тбилиси қаласы бойынша жетекшісі Сакашвили:

"Шеварнадзе Сенакиде сиырлармен, Батумиде ешкілермен кездесті. Елдегі жағдайдан хабары жоқ, Хуло ауданынан Абашидзе алдырған бірнеше жүз шаруалармен ғана кездесті."

Оппозиция наразылығын тудырған өткен аптадағы парламенттік сайлауға қатысқан бірнеше оппозbциялық партияның бірі Ұлттық демократиялық қозғалыстың Тбилиси бөлімінің жетекшісі Михаил Сакашвили мен парламент төраиымы Нино Буржанадзе парламенттік сайлау бұрмаланды деп біледі.

Дүйсенбі күні Грузия орталық сайлау Комиссиясы елдегі 2800 сайлау бекетінің 27-сінде қайта сайлау өткізу жөнінде шешім қабылдады. Алайда ымырасыз оппозиция Шеварнадзе тақтан түспейінше Тбилисидегі парламент үйі алдында күн сайын қарсылық шеруін өткізе беруге ант ішті. Президент Шеварнадзе елде қалыптасқан саяси дағдарысты шешу мақсатында жексенбі күні оппозиция басшысы Сакашвилимен кездесті. Алайда, бұл кездесу күткендей нәтиже бермеді. Ол кездесуде Сакашвили Шеварнадзеден бұрынғы Югославия президенті Слабодан Милошевичтың кебін кимей тұрғанда өз еркімен қызметтен кетуді ұсынған. Президентке оппозициядағы Парламент төрайымы Нино Буржанадзе болса президентпен келіссөзді жалғастыру жағында:

"Президент тарапынан ешқандай нақты ұсыныс болмай отырса бұл шиеленісті қалай шешуге болады? Біз диалогты одан әрмен жалғастыру жағындамыз."

Сейсенбі күні парламент төрайымы Нино Бурджанадзе Тбилисидегі шеруге қатысты.

"Алда не болатынын дәл кәзір болжау қиын. Мен болсам диалог жағындамын."

Парламент үйі сыртында болса қарсылық шеру 4 күннен бері толассыз өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG