Accessibility links

Тұрмыстық зорлық шеккен әйелдер туралы бірыңғай мәлімет жоқ


Қарашаның 13-і күні Қазақстанның Жоғары соты және Президент жанындағы отбасы және әйелдер істер жөніндегі ұлттық комиссия әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою жайын талдады.


Бүгінде республикада жапа шеккен әйелдер паналайтын 33 дағдарыс орталығы жұмыс істейді.

«Алайда, бүгінгі күні зорлық-зомбылық шеккен әйелдер туралы біріңғай мәлімет жоқ. Себебі, оны әр министрлік өз саласы бойынша жүргізеді. Бұл әркелкілік, елде осы мәселенің қандай дәрежеде екенін анықтауға мүмкіндік бермей отыр», - дейді Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Айткүл Самақова.

Бұл орайда Үкімет мекемеаралық комиссия құрып, оған Әділет министрі жетекшілікке бекітілген. Енді осы комиссия мемлекеттік деңгейде аталғандай мәліметтерді жинақтамақ.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 106-шы бабы ұрып-соғу және басқа да дене жарақатын салатын қылмыс түрлеріне жауапкершілікті қарастырады.

Жоғарғы соттың сот төрешісі Даулен Нұралиннің айтуынша, осы жылдың 8 айында соттарға Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша 1352 адамға қатысты 1351 іс түскен. Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстық соттарында мұндай шағымдардың көбісі қаралған.

Оның айтуынша, Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 268 адамның, 129-і қылмыс жасаған кезде мас болған. Мас күйінде қылмыс жасағандар әсіресе, Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орын алады.

Кеңеске қатысқандар тұрмыстық зорлық-зомбылықты жоюда Қазақстан заңдарын жетілдіру туралы ұсыным дайындамақ.
XS
SM
MD
LG