Accessibility links

«Теңге» атты кітап жарыққа шықты

  • Гүлмира ХАМЗА

Қазақ теңгесінің шығу тарихы жөнінде мағлумат беретін арнайы кітап шықты. «Тенге» атты кітаптың авторы, әрі ұлттық валютаның суретін салушы Хайролла Ғәбжалеловтың айтуынша, теңге туралы кітап қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Жалпы, Хайролла Ғәбжалелов тенге суретінің авторы болғанына риза. Себебі бұл оқиғанын маңызы зор,-дейді ол.

Хайролла Ғәбжалелов, «Теңге» кітабының авторы:

- 1991 жылдары «Халық кеңесі» газетінде бөлім меңгерушісі ретінде жұмыс жасадым. Сол кезде 1992 жылдың басында еліміздің ұлттық рәміздері шығып жатқан тұста, теңге шықанын армандайтынбыз. Осы мәселені біз көтеріп жүрдік. Соңынан Қазақстан үкіметі бұл бағытта құпия түрде жұмыс жасап жатқаны анық болды.

10 жыл бұрын орын алған оқиғаны Қазақстан қаржыгерлері қуанышпен айтады, атқарған жұмыстарын жоғары бағалайды, бірақ алғашқы жылы шыққан кейбір ақшаның айналымнан шығып қалғанын өкінішпен еске түсіреді. Қазақстан Парламентінің депутаты, Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Ғалым Байназоров бұл оқиғаны инфляция мен байланыстырып отыр.

Ғалым Байназаров, Ұлттық банктың бұрынғы төрағасы, Қазақстан парламентінің депутаты:

- Тенге айналымға түскен екі жылдан жылдан кейін құны түсіп кетті. Сосын 1999 жылы теңге айтарлықтай құнсызданып қалды, оның өзіндік себептері бар. Біріншіден, теңгені айналымға кіргізгенде бізде құлдырау басылмаған болатын.

Бүгінгі таңда жоғарғы номиналды тенгенің құны 10 мың, болашақта қаржыгерлердің айтуынша, бұл номинал тағы өсуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, қазақстандықтардың еңбек ақысы жоғарлағанда, тенге номиналыда өседі. Қазақстан қаржыгерлері ЕуразЭС қауымдастығына мүше мемлекеттерге ортақ валюта енгізуге қарсы емес екендігін білдірді, бірақ қаржыгерлер қауымдасытығының президенті Дәулет Себаев бұл өте ұзаққа созылатын іс дегенді айтады. Бұл жоспарды іске асыру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу керек, ақшаны енгіземіз деген мемлекеттер өз тілегін білдіру керек,- деді Дәулет Сембаев.
XS
SM
MD
LG