Accessibility links

Иранның ядролық бағдарламасы үстіндегі дипломатиялық шайқастар


Венада Иран ядролық бағдарламасы үстінде туындаған жанжалды шешу үшін МАГАТЭ төралқасы келесі аптада бас қосатын болды.

Иранды ядролық қару жасап жатыр деп біліп отырған АҚШ болса Иранды БҰҰ-ның ҚК-нің жазалағанын қалайды. Ал, Франция, Британия, Германия болса Иранмен байыпты кеңес құра отырып мәселені шешуге болады деп біледі.

Иран өз ядролық бағдарламасы бойынша халықаларық заңдарды бұзып отыр ма? Егер бұзып отырса оған қарсы қандай шара қолданылмақ? Мінеки, МАГАТЭ алдағы аптада Иранға байланысты төралқа отырысын шақырып қарағалы отырған басты мәселелер осылар. МАГАТЭ Иран ядролық қару бағдарламасы үстінде жұмыс жасап отыр. Ядролық қару таратпау жөніндегі Висконсин жобасының директоры Гари Милхоллин:

"Осынау МАГАТЭ баяндамасы Иранның алдап келгенін, инспекторларды алдап келгенін, сөйтіп, жан баласына айтпай астыртын жағдайда ядролық қару жасаумен айналысқанын растады. Бұл ядролық қаруды таратпау туралы шартты бұзу."

МАГАТЭ Иран ядролық қару жасап жатыр деп тапқанымен оны жазалауға асықпай отыр. Иранмен ортақ тіл табу жағында. Өйткені, соңғы айда Британия, Франция, Германия сыртқы істер министрлерімен Иран сім кездскенде Иран жағы байытылған уран өндіруді тоқтататуға келіскен еді. Сондай-ақ, дүйсенбі күні Иран Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы Хасан Роухани Мәскеуде Иран байытылған уран өндірісін тоқтатты деп мәлімдеді. Техранға оралғаннан кейін Роухани төмендегідей мәлімдеме жасады:

"Халықаралық қауымдастықтың Иранның ядролық зерттеулеріне деген алаңдаушылығын сейілтуге шешім қабылдады. Сондай-ақ, біз осылайша байытылған уран бағдарламасын тоқтату арқылы халықаралық қарым-қатынаста белгілі бір мерзімге жаңа атмосфера тудырмақшымыз. Алайда, біз байытылған уранды зерттеу дағы біздің құқымыз деп білеміз."

Талдаушылардың пікірінше Ираққа қарсы соғыста АҚШ-ның ең жақын одақтасы болған Британия бұ жолы, яғни, Иранға келгенде Иранды жазалау жағындағы ҚШ –на емес, Иранмен келіссөзді қолдап отырған Франция, Германиямен қосылып кетуі Британия үкімет басы Тони Блеэрдің жеке бас мүддесінен туындап отырса керек. Ирақ үшін өз елінде сын "таяғын жеген" Тони Блеэр енді Иран арқылы бедел жинамақ. Кезінде Маргарет Тетчердің көмекшісі болған талдаушы Наил Гардинер:

"Ирак үстінде сынның астында қалған Тони Блеэр енді ,меніңше, сол сындардың соңын жуып-шайғысы келетін тәрізді."

Вашингтон болса Иран ядролық қару жасап жатыр деп талай жыл қаққан дабылы расталғаннан кейін, енді , Иранды БҰҰ-ның ҚК-ның талқысына салып алуға мүдделі. Тағы даВашингтондағы Висконсин жобасының директоры Милхоллинның пікіріне жүгінелік:

"Меніңше біз, яғни, ҚШ бұл жөнінде Қауіпсіздік Кеңесінен шешімін талап етуіміз керек."
XS
SM
MD
LG