Accessibility links

Республикалық халықтық партияның атқару комитетінің төрағасы Әміржан Қосанов Берлинде бірқатар саяси ұйым өкілдерімен кездесті


Бұдан бұрын хабарланғанындай, ЕҰЫҰ-ның кезекті жиынына қатысуға барған Әміржан Қосанов жұма күні Германия астанасы Берлинде болып, бірқатар саяси ұйым өкілдерімен кездесті. Осында ресми органдармен, түрлі саяси партия өкілдерімен, Бундестагтың депутаттарымен кездескен.

РХП атқару комитетінің төрағасы Қосанов Берлинге келу себебін Қазақстандағы кейбір жағдайларды айтумен түсіндірді. Атап айтқанда Сергей Дувановтың, Ермұрат Бапидың мәселелерін, облыста болып жатқан жағдайларды айтып, Шредер мырзаның алдына қойып отырмыз деді.

Қосанов мырза Берлинде жүрген сәтте «СолДат» газетінің бас редакторы Е.Бапи үстінен сот отырысы жүруде. Осыған орай Әміржан Қосанов алдағы жоспарланған кездесулерін доғарып, жұма күні кешкісін Алматыда өтіп жатқан сот отырысына қатысып, Е.Бапиды қорғауға, өзінің пікірлерін айтуға асығып отырғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG