Accessibility links

Ал АҚШ президенті Дж.Буш өзінің жексенбі күнгі малімдемесінде Ал Арабия теледидарының хабарын жәй ғана пропоганда, үгіт-насихат деп сүреттеп, АҚШ Ирақтағы өз жұмысын түгел аяқтамай ол арадан кетпейді, деген.


АҚШтың Ирақтағы бас әкімшісі Пол Бремердің айтуынша, ирақтағы бүлікшілдер АҚШқа ешқандай стратегиялық қауіп төндіре алмайды. Бремердің айтуынша АҚШ Ирақтағы уақытша өкіметке жаңа Ата Заңды дайындауға көмектесетін болады. Бұл арада өткен түні АҚШ күштері ирақтық бүлікшіл жауынгерлерге қарсы өз шабуыл операцияларын одан әрі жалғастырды. Мосул қаласында АҚШтық сарапшылар апатқа ұшыраған екі тікұшақтың жағдайын тексеруде. Ол 2 тік ұшақтың өзара қақтығысынан 17 американдық сарбаз опат болған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG