Accessibility links

Түркиялық тергеушілердің топшылауына қарағанда, Ыстабұлдағы сенбі күнгі жанкештілік екі бомбы жарылысында 23 адам қаза тауып 300ден астам адам жарақат алған.


Қазіргі кезде түркиялық және ызрайылдық екі топ тергеушілер жарылыс болған жердегі заттар негізінде шабуылды ұйымдастырғандардың ізін кешуде. Ол күнгі жарлыста кемінде 4 еврей азаматы өлген. Бірақ құрбандардың көбі сол арада болған мұсылмандар екен. Арасында Палестин елбасы Ясер Арафат та бар, Сирия, Мысыр, басқа да Араб елдері және бір қатар мемлекет басшылары Ыстамбұлдағы ол бомбы шабуылын айыптаған. АҚШ өзінің Түркиядағы азаматтарын ықтият болуға шақырған. Тергеушілер бұл екі бомбы жарылысында халықаралаық терроршы ұйым – Ал-Қайда тобының қолы бар деп есептейді. Түркия бас министрі Реджеп Ердоған, сыртқы істер министрі Абдолла Гүл және Ызрайыл сыртқы істер министрі Силван Шалом жексенбі күні жарылыс болған жердегі аза рәсімдерінде қатысты.
XS
SM
MD
LG