Accessibility links

Астанада қарашаның 17-сі мен 21-і аралығында елдің күшті былғары қолғап шеберлерінің қатысуымен бокстан республика чемпионаты өтуде.


Бұл турнир үлкен жарыс алдындағы соңғы сын болып табылады, себебі біріншілік қорытындысы бойынша ұлттық құраманың негізгі құрамы анықталатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жарысқа қатысушылардың қатарында әлем чемпиондары, Олимпиада және Азия ойындарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар. “Алатау” спорт сарайында өтіп жатқан чемпионатқа Геннадий Головкин, Галиб Джафаров, Мұхтархан Ділдәбеков, Нұржан Кәрімжанов сияқты әлемдік шеберлер қатысуда. 2004 жылы Афиныда өтетін Олимпиада ойындарына Азияның атынан 62 боксшы қатысады. Қазақстанның Әуесқой бокс федерациясы ел үшін 7-8 жолдама жеңіп алуды жоспарлап отыр. Олимпиада лицензиялары келесі жылдың басында Филиппинде өтетін Азия чемпионатында сарапқа салынады. Қазақстандық боксшылар сондай-ақ, тағы екі іріктеу турниріне қатысады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG