Accessibility links

Қызылордалық мектеп директорлары қоғамдық байланыс аясында Америкаға барып оқымақшы.


Қызылорда облысындағы 25 мектеп директоры аймақтағы кадрлар біліктілігін арттыру және ақпараттық технологиялар институты ұйымдастырған семинарға қатысуда. «Қоғамдық байланыс» аталатын бұл бағдарламаны АҚШ-тың мемлекеттік департаменті қаржыландырып отыр. Іріктеуші комиссияның сұхбатынан өткен 10 үміткер Америкаға жолдама алады. Жолдама иелері тек жалпы білім беру тәжірибесін үйреніп қана қоймай, сол елдің тұрмыстық дағдыларын, күнделікті тыныс-тіршілігін, мәдениетін білуді де қоса зерттейді. Ол үшін олар 2 жылдық оқу мерзімі ішінде америкалықтардың отбасында өмір сүреді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG