Accessibility links

Түркия үкіметі Стамбулдегі террорлық шабуылдарды ұйымдастырушыларды тауып жауапқа тартпақ.


Түркияның Ішкі істер министрі Абдулқадыр Ақсудың мәлімдеуінше, тергеушілерде бір Стамбулдық синагогада жарылыс жасалмай тұрып келіп көріп кеткен бір терроршының видио камера түсіріп алған суреті бар. Сенбі күні екі синагоганың алдында жарылыс болды. Жарылғыш зат салынған екі жүк тасушы мәшиненің рулінде жанпидашы терроршылар отырған. Жарылыстардан 23 адам опат болып 300 дей кісі жараланды. Шабуылға жауапкершілікті "Әл Қайда" өзіне алып, синагогаларда Мосадтың агентері болды деді. Түркия үкіметінің пікірінше, бұндай көлемдегі террорлық әрекетті ұйымдастыра алатын Түркияның өз ішінде ұйым жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG