Accessibility links

Ирақта одақтастар қолына шабуыл жасаушы жауынгерлердің бекіністеріне АҚШ қосындары жаңа шабуылдар жасады.


Бүгін таң ертең Тикрит маңындағы нысаналар тікұшақтардан, танкілерден және зеңбіректерден атқылады. Сондай-ақ Бағдатта да әскери операциялар жүргізілді. Жексенбі күні Киркутен батыста 25 шақырым жерде орналасқан ирақ жауынгерлерінің бекінісіне зымыран соққысы жасалды. Мамыр айында басты соғыс аяқталғанан кейін бірінші мәрте жер серігі арқылы нысанаға бағыталатын тактикалық зымран пайдаланылды. Мосулда сенбі күні апатқа ұшыраған АҚШ тікұшақтарының себеп салдары тексеріліп жатыр. Бір тікұшақ жерден қол зымраны арқылы атылып түсірілді деген пікір бар. Осыдан АҚШ әскері 17 адамынан айрылып, 5 сарбаз жараланып және бірі жоғалғандар тізімінде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG