Accessibility links

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қазақ тілін шеттету деп есептейді

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазақстан Парламентінде талқыланып жатқан «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасының жекелеген нормалары пікір қайшылығын туғызуда.

Қолданыстағы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңда хабарлардың мемлекеттік тілде және орыс тілінде таратылуы тең жартыға бөлінген болатын. Алайда, хабарларды таратудың уақытын айқындауды заң шығарушылар ескермеді ме, бұл мәселеге кейін үлкен дауға айналды. Енді жаңа заң жобасында Үкімет мемлекеттік тілде таратылатын хабарлардың көлемі мен тәулік бойына орналасуын қаперге қойып отыр.

Ақпарат министрінің орынбасары Ардақ Досжан, «біз жобада әдейі уақытты көрсетпедік. Өйткені, әр түрлі электронды бұқаралық ақпарат құралдарында бұған деген көзқарас әр қалай. » деген уәж айтады.Сонымен бірге ол кейбір теле арналар мемлекеттік тілге әділетсіз қарайды деп есептейді.

«Мемлекеттік тілдегі хабарлар негізі түнгі уақытта беріледі. Тіпті кейбір республикалық теле арналар энергияны үнемдеп, аймақтарға хабар таратуын түнгі 12-ден кейін тоқатады», - деді Ақпарат министрінің орынбасары.

Ал, «Интернюс-тің директоры Олег Кациевтің бұл мәселеге пікірі басқа. Ол барлық қалаларға тек қазақ тілінде хабар тарататын желі бөлу керек деп есептейді. Ол «қойылып отырған жаңа талап ешқандай нәтиже бермейді» деген көзқараста. Оның айтуынша, Еуразия және Еларна теле арналары орыс тілінде ғана хабарлар таратып отыр және бірінші орында келеді. «Жарнаманың да көбін алып жатқан солар. Олар заң талаптарын орындап отырған жоқ»,-деді Олег Кациев.

Мәжіліс депутаты Амангелді Айталы, жеті облыстың этникалық құармын талдапты. Бұрын бұл облыстарда орыс ұлтының өкілі көп тұрған. Депутат мемлекеттік тілдегі бағдарламалардың тыңдарманы жоқ деген уәжді теріске шығарды. Оның айтуынша, Қостанайда, 44 пайыз қазақ, 27 пайыз орыс, Павлодарда 54 пайыз қазақ, 26 пайыз орыс, Солтүстік Қазақстан облысында 36 пайыз қазақ, 39 пайыз орыс, Ақмола облысында 45 пайыз қазақ, 30 пайыз орыс, Шығыс Қазақстан облысында 71 пайыз қазақ, 25 пайыз орыс, ал Қарағандыда 70 пайыз қазақ, 17 пайыз орыс ұлтының өкілдері тұрады.

Депутат Айталы, аталғандай мәселенің даулы болуын «қазақ тілін шеттету» деп есептейді.
XS
SM
MD
LG