Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буштың Британияға мемлекеттік сапары қауіпсіздік шараларына толы болмақшы.


Ирақ соғысының басталар тұсымен салыстырғанда қазіргі кезде британиялықтардың басым бөлігі ол соғысқа қарсы болып отыр. Наразы халық аталған сапарды үлкен шерулермен қарсы алмақшы.

Құрама Штаттарының президенті Джордж Буштың Британияға ресми сапары әдеттегідей дәстүрлі салтанаттарға толы болмақшы. Толып жатқан жоралғы шаралар қатарында Британия патшайымы Буштың құрметіне Букингем сарайында 150-дей қонаққа дастархан жаятын болады. Бұл сарайда АҚШ ел басы Буш зайыбы Лаурамен бірге сапар кезінде тұрмақшы. Ол сондай-ақ, сапар кезінде Ирақта қаза болғандардың отбасы мүшелерімен кездесуді жоспарлап отыр. Сапарының соңғы күнінде Буш мырза Ньюкасл қаласына барып, сондай-ақ Британия өкімет басшысы Тони Блейрдің үйінде болып, ежелгі бір шіркеуге бас сұғып және Джордж Уашингтонның мұраға қалған үйінде болмақшы.

- Мұндай меймандос көңілдермен қатар Буш мырза өзіне жауығушы ниеттермен де бетпе-бет келетін болады-, дейді Азаттық радиосы жаңалықтар бөлімінің тілшісі Ян Юн.

Көптеген британдықтар Буш сапарына қарсы шерулерге шықпақшы. “Тоқта Буш” деп аталатын арнайы шаралар қатарында бейсенбі күні үлкен шеру ұйымдастырып, Трафалгар атты алаңда қағаздан жасалған Буштың үлкен мүсінін тақтан құлату- соғысқа қарсылықтарын білдіруге тырысатын топтың жоспарлап отырған әрекеттерінің бірі ғана. Бұл шерулерге аталған шараларды ұйымдастырушылар шамамен 100 мыңдай адам қатысатын болар-, деп есептеуде. Ал, полиция өкілдерінің шамалауынша оның саны 60 мыңнан жоғары болуы мүмкін. “Таймс” газеті жүргізген сауалнамаға қарағанда, Ирақ соғысының бас кезінде оны қолдаушылар саны 64 пайыз болса, ал қазір Британияда олардың саны 37 пайызға дейін төмендеп кеткен екен.

Арнайы пулеметтермен қаруланып, ит жетектеген полиция өкілдері қазірдің өзінде Букингем сарайы төңірегін қарауылдауда. Дей тұрғанмен, қауіпсіздік шараларының егжей-тегжейлері құпия күйінде сақталмақшы. Мұндай артық әбігерлік Америка және Британия қауіпсіздік күштері арасында ала-ауыздықты да туындатуда. Осындай сақшылық қызметті атқару Британия жағы үшін мақтанышқа ұқсайды. Лондондағы полиция майорының бірі Кен Ливингстон: “Біз бұл міндеттерімізді өте жақсы атқара алатынымызды айтқым келеді. Өз елімізде 190 жыл ішінде өкімет басшысы өміріне бірде-бір рет қауіп төнген емес”-, деді.

Осы сапар барысында Британия жерінде 5 мыңдай полиция қызметкерлері қызмет көрсететін болады. Полиция қызметкерлерін соғысқа қарсы шерулер емес, қайта осындай жиындар қалқасында әл-Қайда ұйымы тарапынан болуы мүмкін шабуылдар ең басты бас қатыратын мәселе болып тұр-, дейді мақала ауторы.
XS
SM
MD
LG