Accessibility links

Қайта құру және даму бойынша Еуропа банкінің хабарлауынша, Шығыс, Орталық Еуропа және Орталық Азия мемлекеттері жаппай экономикалық жедел даму жолына түспегенімен, баяу да болса алға жылжу байқалады екен.


Банктың Лондонда жарияланған соңғы деректеріне қарағанда, бұл аймақтағы 2003-жылғы жалпы экономикалық өсім орташа есеппен 4.7 пайыз екен. Ал, ТМД елдеріндегі бұл көрсеткіш 6.2 пайыз болса, Балтық бойы елдері - Латвия, Литва, Эстонияда 3.3 пайыз . Бірақ, Еуропа банкіның бас экономисті Вилем Бютердің ескертуіне қарағанда, бұл ТМД, оның ішінде Қазақстандағы орташа өсім мұнай мен газдың жоғары бағасына орай болып тұр. Бірақ бұл уақтынша табыс болып қалуы да ғажап емес. Мысалы, Ресей, Қазақстан және Әзірбайжандағы энергия қуаттарына қойылған көтеріңкі баға уақыт өте келе өзгеруі де мүмкін. Еуропа даму банкі деректеріне қарағанда, Босния-Герсеговина, Сербия және Черногоридегі экономикалық табыстар мақтауға тұрарлық. Ал, Беларусь, Өзбекстан және Түрікменстандағы экономикалық жағдай сын көтере алмайтындай төменгі деңгейде көрінеді.
XS
SM
MD
LG