Accessibility links

Батыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды.


Бұл туралы Kazakhstan today тілшісіне сенімді ақпарат көзінен мәлім болды. Ақпарат көзінің мәліметіне сәйкес, Батыс Қазақстан облысының жаңа әкімі болып бұған дейін ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Нұрғали Әшімов тағайындалды. Бүгін, 18-қарашада түстен кейін ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Оралға ұшып, облыстың жаңа әкімін таныстырады. Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаевтың қандай қызметке тағайындалатындығы туралы жарлыққа, агенттіктің ақпарат көзінің айтуынша, әзірге қол қойылған жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG