Accessibility links

Мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту мәселесі қозғалды


Қарашаның 19-ы күні Алматыда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық насихат, мемлекеттік тілді дамыту және жұртшылықпен байланыс департаменті, Алматы қалалық тіл басқармасының өкілдері мен ғалымдар бас қосты.


Басқосудың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы қазақ тілін қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау жөніндегі жұмысты одан әрі жақсарту, сондай-ақ мемлекеттік тілдің Министрліктің орталық аппаратында, оның ведомостволық ұйымдары мен аумақтық әділет органдарында қолданылу аясын кеңейту.

Құқықтық насихат, мемлекеттік тілдердің және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Сұлтан Оразалинов мырза былай дейді.

- Мемлекеттік тілді дамыту Әділет министрлігі жүйесінде біршама жолға қойылды. Әділет министрлігі саласында 161 мекеме мемлекеттік тілге көшті. Әділет миинстрлігінде тіл үйренем деушілерге барлық жағдай жасалған. Бүгінгі таңда тілді дамытуға тек тіл үйренушілердің ықыласы ғана жетпей отыр. Біз біреудің құлағынан сүйреп келіп, сен тіл үйрен деп ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Тіл туралы Заңның 23 бабының 3 тармағына өзгерістер енгізу яғни кәсіптік қызметіне байланысты мемлекеттік тілді білу мөлшерін анықтайтын заң жобасын әзірлеу тапсырылды. Бұл заң жобасын әзірлеуге қарсылықтар да жоқ емес. Мәжілісте, парламентте қаралатын заңдар, негізгі құжаттар ресми тілде дайындалады. Осы тұрғыдан алғанда, олардың барлығын сапалы аудару мәселесін алға қоюдың өзі қиын. Біз тек аудармаға ғана иек сүйейтін болсақ одан мемлекеттік тілдің өркендей қоюы екі талай дейді ол.
XS
SM
MD
LG