Accessibility links

Майкл Джексонның үйінде тінту болды


Американдық эстрада жұлдызы Майкл Джексонның Калифорниядағы үйінде кеше полиция тінту жүргізді. Майкл Джексон бұған не себеп болғанын білмеймін деп мәлімдеді. Майкл Джексон тінту оның жаңа үлкен альбомының шыққан күнімен тұспа-тұс келгеніне назар аударды. Ресми орындардан ешқандай сипаттама айтылған жоқ. Расталмаған мәлімет бойынша, Майкл Джексонға 12-жасар баланы жыныстық қатынасқа итермеледі деген айып тағылған сияқты. Майкл Джексон 1994 жылы мұндай күдікке тап болып, 14 жасар балаға бірнеше миллион доллар төлеп, сотты іске жеткізбей тоқтатқан болатын. Майкл Джексон өзіне тағылған айыптармен келіспеген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG