Accessibility links

“Алтын Аймақ” “Халықаралық алтын динармен” тіл табысып жатыр


Шығыс-Қазақстандық "Алтын Аймақ" компаниясы кеше малайзиялық "Халықаралық алтын динар" компаниясымен инвестициялық келісім жасасты, деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі. Малайзиялық компания биометаталлургия жобасына екі проценттік жылдық өсіммен 25 миллион доллар салуға міндеттеме алды, деп мәлімдеді "Алтын Аймақ" компаниясының бас директоры Ақат Құленов. Енді 60 күннің арасында нақты контракт жасалып, бірлескен кәсіпорын құрылу керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG